
Қабыл қаласы, 15 желтоқсан - Қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Уақытша сенімді өкілі Ғ.И.Ақбасовтың Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрі Н.Азизимен кездесуі өтті.
Кездесу басында Ғ.Ақбасов Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елшілігінің жаңа басшысы ретінде кездесіп отырғанын үлкен мәртебе санайтындығын білдіріп, Еліміздің екі мемлекет халықтарының мүдделеріне, теңдікке, құрмет және өзара тиімділікке негізделген екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамытуға деген адалдығын растады.
Қазақстанда Ауғанстанның қазіргі басшылығының, оның ішінде Н.Азизидің ел беделін нығайтуға, оның экономикалық дамуына, азаматтардың лайықты өмірін қамтамасыз етуге және бауырлас елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан үлестерін жоғары бағалайтындығын атап өтті.
Әңгіме жалғасында Ғ.Ақбасов Қазақстан Ауғанстанның экономикалық тұрақтылығына келуіне және дамуына әрі қарай өз үлесін қосып, екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға барынша күш салатындығына сендірді.
Бұл тұрғыда Елшілік басшысы Ауғанстан аумағында пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларға қатысу перспективалы болып көрінетіндігін айтты.
Сухбат соңында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға бағытталған екіжақты қатынастарды өркендетуге деген қызығушылықтарын қайта растап, бір-біріне қызметтік міндеттерін орындауда сәттілік тіледі.