
Қабыл қаласы., 4 желтоқсан - Қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Уақытша сенімді өкілі Ғ.И.Ақбасовтың Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ш.А.Станикзаймен алғашқы кездесуі өткізді.
Кездесу басында Ғ.Ақбасов өзін Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елшілігінің жаңа басшысы ретінде таныстыра кетіп, Еліміздің екі мемлекет халықтарының мүдделеріне, теңдікке, құрмет және өзара тиімділікке негізделген екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамытуға деген адалдығын растады.
Өз кезегінде, Ш.А.Станикзай дипломатиялық өкілдіктің жаңа тағайындалған басшысын жылы лебізбен қарсы алды. Қазақстан мен Ауғанстан терең тарихи және мәдени байланыстары бар бауырлас елдер екеніне назар бөлді.
Станикзай Қазақстан Республикасына Елшіліктің жаңа басшысын тағайындағаны үшін алғысын білдіріп, бұл шара екіжақты қарым-қатынас пен, жаңа байланыстарды нығайтып, дамытуға оң септігін тигізетіндігіне күмәнсіз екендігін жеткізді.
Қазақстандық миссия басшысы Қазақстанда Ауғанстанның қазіргі басшылығының экономикалық дамуға және азаматтардың лайықты өмірін қамтамасыз етуге деген ұмтылысына түсіністікпен қарайтынын атап өтті.
Ғ.Ақбасов бүгінгі таңда Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіретінін хабарлады. Біздің еліміз дәстүрлі түрде қазақстандық астық пен ұнды импорттап, аталған тауарларды ауған нарығына жеткізуші болып қала беретініне сендірді.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап бірлескен кәсіпорындар құруға қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Ш.А.Станикзай Ауғанстанның кен орындарын игеруге және бұл іс-шараға қазақстандық компаниялардың қатысуына қызығушылық танытатындығын атап өтті. Ауған тарапы Қазақстан пайдалы қазбалар кен орындарын игеру саласындағы өз тәжірибесімен және технологияларымен бөлісетіндігіне үміт артты.
Сонымен қатар, қауіпсіздік саласындағы тұрақты жағдайды және жақсы инвестициялық ахуалды атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық компаниялар мен кәсіпкерлерді Елге шақырды.
Өз кезегінде, Ғ.Ақбасов 2023 жылы Үкіметтің қолдауымен Герат қаласында Қазақстанның «сауда үйін» ашқанын хабарлады. Екіжақты қатынастарда экономикалық әлеуетті іске асыру екі елге де тиімді болатынын жеткізді.
Екіжақты қатынастардағы мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты Ш.Станикзай Ауғанстан Премьер-министрі орынбасары А.Г.Барадардың нұсқауына байланысты Қабыл қаласының әкімшілігі қаладағы жолдарды қайта жөндеуден өткізіп жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға бағытталған екіжақты қатынастарды өркендетуге деген қызығушылықтарын қайта растады.