
Ташкент, 2024 жылғы 10-11 желтоқсан –Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Сұрхандария облысына жұмыс сапарымен барды.
Делегация құрамында Қарағанды облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы И.Любарская, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Д.Құдабаев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.Тюлюбеков, сондай-ақ «QazTrade» АҚ, «Сарыарқа» ӘКК және бизнес өкілдері болды.
Бірінші күні қазақстандық делегация Сурхандария облысының әкімі Ұлықбек Қасымовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі аймақтың инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетін таныстырды.
Елші өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын және өңірлер арасында тікелей байланыс орнату арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің тиімділігін атап өтті.
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларын өзара жеткізуді жолға қоюдың келешегі зор екенін атап өтті. Кездесу нәтижесінде Қарағанды мен Сұрхандария облыстары арасындағы ынтымақтастық бойынша Жол картасына қол қою, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзара сапарларды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Айта кетейік, 2024 жылғы 21-22 қазанда Самарқанд қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстанның IV өңіраралық форумы аясында Қарағанды облысының әкімдігі мен Сурхандария облысының әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салаларда ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.
Сондай-ақ, Б.Атамқұлов Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Сұрхандария облыстағы негізгі нысандарды, оның ішінде Airitom еркін экономикалық аймағын, халықаралық көп функционалды көлік-логистикалық хаб TERMEZ CARGO CENTER, «LETO» ЖШС және «Gold Agro Fresh» ЖШС жылыжай шаруашылықтары, «AfrosiyobParranda» ЖШС құрама жем өндіру кәсіпорны, «АслДон 2024» ООО ұн комбинаты және Термез өнеркәсіптік аймақтары болды.
«Airitom» АЭА сапары барысында «QazTrade» АҚ мен аталған аймақ дирекциясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, оның аясында жақын арада қазақстандық сауда павильоны ашылады. Бұл қадам Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының Өзбекстан мен Ауғанстан нарығына шығуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Анықтама үшін: Орталық құрамына 1800 сауда нүктесіне арналған сауда алаңы, сыйымдылығы 50 мың тонналық логистикалық орталық, медициналық орталық, қонақ үйлер, қаржылық және техникалық қызметтер кіреді, сонымен қатар Ауғанстан азаматтары үшін 15 күн визасыз режим бар.