
2020 ж. 12 тамызда Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ә.Есенгелдиев Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрі А.Османимен кездесу өткізіп, екі елде коронавирустық індеттің таралуының қазіргі жағдайы мен денсаулық сақтау саласындағы ҚР-АИР арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Сонымен қатар, АИР үшін осы қиын кезеңде Ауғанстан халқына көрсеткен көмегі үшін министр А.Османи Қазақстанға ризашылығын білдірді.