Қазақ тілін оқып жатқан жас ауғандықтарға оқу құралдарын табыстау

Қазақ тілін оқып жатқан жас ауғандықтарға оқу құралдарын табыстау

2020 ж. 24 қаңтарда Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ә.Есенгелдиев үкіметаралық келісім аясында ҚР жоғары оқу орындарында оқыған ауғандық түлектер Елшіліктің қолдауымен ұйымдастырған курстарда қазақ тілін оқып жатқан жас ауғандықтарға оқу құралдарын табыстады.
Елшілік пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы сындарлы қарым-қатынасты ескере отырып, оқу құралдары тегін жасалып, жас ауғандықтарға табысталды.