АИР Парламенті төменгі палатасының спикерімен кездесу

АИР Парламенті төменгі палатасының спикерімен кездесу

2020 ж. 14 қаңтарда Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ә.Есенгелдиев АИР Парламенті төменгі палатасының спикері М.Рахманимен кездесті. Ауғанстандық тараптың бастамасымен өткізілген кездесуге АИР-дің әртүрлі провинцияларынан Волеси Джирга комитетін басқаратын депутаттар да қатысты.
Кездесу барысында М.Рахмани ҚР-АИР парламентаралық қатынастардың дамуы туралы хабарлап, жақында елімізге жасаған ресми сапарларынан алған әсерімен бөлісті. Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.