
2019 ж. 25 желтоқсанда Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ә.Есенгелдиев АИР Президентінің академиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша аға кеңесшісі Лал Пача Азмунды қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын, оның ішінде университет аралық қатынастарды кеңейту бойынша келешектегі бірлескен жоспарларды талқылады.