«Қазіргі Қазақстан: демократияның дамуы және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту» атты тақырыпта дөңгелек

«Қазіргі Қазақстан: демократияның дамуы және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту» атты тақырыпта дөңгелек

2019 ж. 28 қарашада Қазақстанның Қабыл қаласындағы Елшілігінде Қазақстанның алдағы басты ұлттық мерекелері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Күні (1 желтоқсан) және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне (16 желтоқсан) арналған «Қазіргі Қазақстан: демократияның дамуы және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Аталмыш дөңгелек үстелдің жұмысына Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент, Сыртқы істер министрлігі, саяси және қоғамдық қозғалыстар, сарапшы және медиа қоғамдастықтардан шақырылған қонақтар қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында АИР Президентінің аға кеңесшілері Хамидулла Фаруки, Наби Мисдак, Зия Ул Хак Амархаил, АИР Парламентінің төменгі палатасының депутаты Камал Сафи және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қысқа мерзімде әлемнің жетекші мемлекеттердің қатарына кірген Елбасының маңызды тарихи рөлін атап өтті. Құрметті меймандардың барлығы Ауғанстанда бейбітшілікті орнатуды жеделдетуге, Ауғанстанның экономикалық тұрақтылығын нығайтуда бауырлас Қазақстанның үлкен жәрдемін атап өтіп, Қазақстанның басшылығы мен халқына шынайы ризашылықтарын білдірді.
Дөңгелек үстелдің жұмысы қазақтың Ұлы ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Ұлы Абайдың «Қара сөздерін» Елшілік алғашқы болып дари тіліне аударған және болу елінде алғашқы болып басып шығарған кітапқа Елші Ә.Есенгелдиев өткізген тұсаукесермен аяқталды.