АИР ұлттық телерадиокомпаниясының жаңадан тағайындалған Бас директорымен кездесу

АИР ұлттық телерадиокомпаниясының жаңадан тағайындалған Бас директорымен кездесу

2019 ж. 26 қарашада Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ә.Есенгелдиев ҚР-АИР жетекші ақпараттық агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі бойынша Ауғанстанның ұлттық телерадиокомпаниясының жаңадан тағайындалған Бас директоры М.И.Миахиелмен кездесу өткізді.
​Сұхбат барысында Елші ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда тойланатын басты Ұлттық мерекелер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы айтып, Бас директорды мемлекетіміздің тарихында осы маңызды мерекелерге арналған Елшіліктің дөңгелек үстеліне шақырды.
​Сондай-ақ, ақпараттық серіктестікті тиімді дамыту жолдары және ҚР-АИР ынтымақтастығын кеңейту перспективалары туралы кең ауқымды өзекті мәселелер қарастырылды.