
2019 ж. 25 қарашада Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ә.Есенгелдиев алдағы Қазақстанның басты ұлттық мерекелері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Rah-e-Madanyat Daily» ауғанстандық рейтингтік газеттің Бас редакторы Саид Асгар Ишракпен арнайы кездесу өткізіп, Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалар бойынша эксклюзивті сұхбат берді.
Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы бас редактордың басқа да өзекті сұрақтарына жауап бере отырып, қазіргі Қазақстанның барлық салаларда сәтті дамуы, әсіресе ұлттық экономиканың қарқынды өсуі туралы, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша ҚР-АИР өзара тиімді ынтымақтастығының жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары туралы айтып берді.
Елші берген сұхбатының негізгі бөлігі қазақтың Ұлы ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуын алдағы жылы атап өтуге арналған Қазақстанның дайындық жұмыстары туралы ақпаратты қамтыған.
Бұл сұхбат ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Күніне орай 2019 ж. 1 желтоқсанда жариялануға жоспарланған.