
2019 ж. 24 қарашада Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ә.Есенгелдиев «Ауғанстан ұлттық телерадиокорпорациясы» («АҰТ») Бас директорының орынбасары Абдул Гани Мудакикпен Қазақстанның алдағы ұлттық мерекелері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай арнайы кездесу өткізді. Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы мен «АҰТ» Бас директорының орынбасары арасындағы кездесу барысында жеделдетілген ұлттық жанданудағы екі басты мерекенің маңызды тарихи рөлі, Қазақстанның барлық салаларда сәтті дамуы және қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы туралы қызықты сұхбат өтті. Сондай-ақ, ҚР-АИР өзара тиімді ынтымақтастығының жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында Ә.Есенгелдиев «АҰТ»-ның арнайы тілшісі Шерзад Мохаммад Ханифке орын алған сұхбаттың барлық негізгі тақырыптары бойынша эксклюзивті сұхбат беріп, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуын алдағы жылы атап өтуге арналған Қазақстанның дайындық жұмыстары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.