
2019 ж. 21 қарашада Елші Ә.Есенгелдиев АИР-дің Алматы қаласындағы жаңадан тағайындалған Бас консулы В.Паябты қабылдады.
Кездесу барысында әр түрлі салалардағы ҚР-АИР ынтымақтастығының даму жағдайы мен болашағы, сондай-ақ консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында қазақстандық шетелдік мекеме басшысы дипломатқа жаңа жауапты қызметінде сәттілік тіледі.