
2021 ж. 27 қаңтарда Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев ауғанстандық тараптың бастамасы бойынша АИР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мирвайс Наабпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар ҚР-АИР екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы байланыстарды нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.