Қазақстан мен Ауғанстан денсаулық сақтау министрлерінің онлайн форматтағы кездесуі өтті

Қазақстан мен Ауғанстан денсаулық сақтау министрлерінің онлайн форматтағы кездесуі өтті

2020 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы Өкілі Талғат Қалиевтің қолдауымен және Қазақстанның Ауғанстандағы Елшілігінің қолғабысымен Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрі Ахмад Османидің бейнеконференция форматта кездесулері өтті.

Онлайн іс-шара барысында тараптар денсаулық сақтау саласында ҚР-АИР ынтымақтастығының перспективалық бағыттарын талқылады, сондай-ақ екі Министрлік арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға келісті.

Кездесу барысында медициналық туризм, фармацевтика, медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру, денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе мен ақпарат алмасу сияқты салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі атап айтылды.

Ауған министрінің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру жөніндегі мәселе талқыланды.