Ауғанстанның СІМ-де АӨСШК-ке төрағалық ету аясында Қазақстанның бастамалары талқыланды

Ауғанстанның СІМ-де АӨСШК-ке төрағалық ету аясында Қазақстанның бастамалары талқыланды

2020 жылғы 5 қарашада Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мирваис Набпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында отандық дипломат еліміздің төрағалығының басталуы аясында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) қызметін белсендіру, сондай-ақ алдағы уақытта Кеңесті Азияның Қауіпсіздік және даму ұйымына айналдыру идеясы туралы ұсыныстар жайында баяндады.

Сонымен қатар, Елші сұхбаттасушысын өзекті халықаралық және өңірлік проблемалар бойынша ұсыныстар әзірлейтін консультативтік институт ретінде АӨСШК шеңберінде Данышпандар кеңесін және АӨСШК Қорын құру жөніндегі Қазақстанның нақты бастамаларын, сондай-ақ АӨСШК Сараптамалық орталықтарының форумын тұрақты алаңға айналдыру туралы ұсыныстарды жеткізді.

М.Наб аталмыш Данышпандар кеңесі, Қор және Алаң жөніндегі Қазақстанның барлық үш бастамасын ресми Қабыл қолдайтынын, қажет болған жағдайда бастамалардың нақты мазмұнын талқылауға дайын екенін атап өтті.

Сұхбат барысында тараптар халықаралық форматтағы екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың басқа да өзекті мәселелерін талқылады.