Қазақстан мен Ауғанстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ауғанстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 27 қазандаҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ауғанстан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлесті.

Ауғанстан тарапының бастамасы бойынша өткен сұхбат барысында, тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелерін талқылады.

М.Атмар Қазақстан тарапынан Ауғанстан халқына көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін зор ризашылығын білдірді.