Ауғанстан ұлттық әскері сенім қорының донор елдері мен серіктестерінің мәжілісі өтті

Ауғанстан ұлттық әскері сенім қорының донор елдері мен серіктестерінің мәжілісі өтті

2020 жылғы 8 қазанда Қазақстан Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстан ұлттық әскерінің сенім қорының донор елдері мен серіктестерінің мәжілісіне қатысты. Іс-шараға Қазақстанмен бірге АҚШ, Аустралия, Дания, Жапония, Италия, Канада, Корея Республикасы, Нидерланд, Норвегия, Түркия, Ұлыбритания, Финляндия, Швеция және Чехияның дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы, ЕО, НАТО өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар ауған әскері мен құқық қорғау органдарын қолдау жобаларын іске асыру барысындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ келесі жылға арналған демеушілік мәселелерін талқылады.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі донорлық көмек ретінде Қорға 6 млн. АҚШ долл. көлемінде қаражат бөлген (2016 ж. – 2 млн. АҚШ долл., 2018 ж. – 4 млн. АҚШ долл.), және тиісті қаражат Ауғанстанның әскери инфрақұрылымын дамытуға бағытталды.