Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2021 жылғы 17 қазанда ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Е.Қазыханның Ауғанстанға сапары барысында 5 мың тонна ұн (74 вагон) мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетілді.
2021 жылғы желтоқсанда Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов бастаған қазақстандық сауда-экономикалық делегацияның сапары барысында Ауған тарапына дәрі-дәрмек түріндегі гуманитарлық көмек әкелінді (1,5 тонна). 2022 жылдың қаңтарында гуманитарлық көмектің қалған бөлігі берілді жеткізілді Мазари-Шариф (200 тонна күріш, 60 тонна өсімдік майы, 2 тонна макарон, 116 тонна ет консервілері, 30 қысқы шатыр, дәрі-дәрмектер: моксифлоксацин және фавипиравир).
2022 жылғы 20 ақпанда Хайратон (Балх провинциясы) Ауған темір жол тұрағында ауған халқына Қазақстандық гуманитарлық көмектің кезекті партиясын (5 контейнер, 39 тонна дәрілік заттар) ресми тапсыруы өтті.
2022 жылғы 31 тамызда БҰҰ-ның «Термез жүк орталығы» логистикалық терминалында (ТР) маусым айының соңында елдің оңтүстік-шығыс провинцияларындағы орын алған жер сілкінісінен зардап шеккен Ауған халқы үшін Қазақстандық гуманитарлық көмегінің (азық-түлік, киім-кешек, шатырлар, кереуеттер және т. б. қамтитын 9 вагон) БҰҰ өкілдеріне тапсырудың ресми рәсімі өтті.
2023 жылғы 10 және 12 сәуірде Хайратон (Балх провинциясы) Ауған теміржол станциясына азық-түлік тауарларынан (қарақұмық, бұршақ, май, қоюландырылған сүт және т.б.) тұратын 81 гуманитарлық көмек вагоны жіберілді.
2023 жылғы 15 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі С.Жұманғариннің Кабул қаласына сапары барысында гуманитарлық көмек партиясы дәрі-дәрмек түрінде берілді.
2023 жылғы 10 қазанда Герат провинциясындағы ірі жер сілкінісі салдарынан көмек көрсету мақсатында Герат қаласына 45 адамнан тұратын ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағы келді.
2023 жылғы 11 қазанда ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың жер сілкінісі құрбандарына берген тапсырмасына байланысты Герат провинциясына арнайы авиабортпен салмағы 1600 тоннадан асатын азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарынан тұратын гуманитарлық жүк әкелінді.
2023 жылғы 21 қазанда Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісі құрбандарына жалпы салмағы 1662 тонналық 27 вагоннан тұратын Қазақстандық гуманитарлық көмек партиясы "Хайратон" (Балх провинциясы) Ауған теміржол станциясының аумағына келді. Көмекке күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, іш киімдер, жастық қаптары және кереуеттер кірді.
2009 және 2018 жылдары білім беру өзара іс-қимылы бойынша келісімдерге қол қойылды, оның шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында берілген гранттар негізінде ауған студенттері, магистранттар мен докторанттар үнемі білім алуда. 2023 жылдың мамыр айында 30 ауғандық үміткерлерінің оқуға кезекті қабылдау іс-шарасы жүзеге асырылды.