GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Бас Консулдық туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген қазақстандық азаматтарға:

• сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды;
• нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды;
• адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды;
• шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе ҚР-дың Жиддадағы Бас консулдығына хабарласу қажет.

📞 Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:

Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77.
Жидда қаласындағы консул: +966 55 416 90 79.

ҚР СІМ мен жергілікті құзыретті органдардың ресми ақпарат көздерін қадағалап отыруларыңызды сұраймыз.

05 октября 2026
Қазақстан мен Сауд Арабиясы ИЫҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Жидда, 2026 жылғы 4 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Корольдігінің ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Халид әл-Шарифпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Сауд Арабиясы қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы алдағы іс-шараларға қатысты пікір алмасты.

Сондай-ақ, тараптар ИЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және ортақ мүддеге ие мәселелер бойынша ұстанымдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

05 октября 2026
ҚР-дың ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі ИЫҰ жаңа Бас хатшысымен кездесті

Жидда, 2026 жылғы 4 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Меңілбеков Ислам ынтымақтастығы ұйымының жаңа Бас хатшысы Исмаил Ульд Шейх Ахмедпен кездесті.

Кездесу барысында Елші Бас хатшыны аталған лауазымға сайлануымен құттықтап, оған ИЫҰ Бас хатшысы қызметіндегі жұмысына және Ұйымның халықаралық миссиясын жүзеге асыруға табыс тіледі.

Елші ИЫҰ-ның жаңа Бас хатшысы болып сайлануына орай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жолдаған құттықтау хатының түпнұсқасын Бас хатшыға табыстады.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы мен ИЫҰ Бас хатшылығы арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ өзара мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Кездесу барысында ИЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру, мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мен бірлігін нығайту, сондай-ақ Ұйым аясында Қазақстанның халықаралық бастамаларын ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді.

25 сентября 2026
Қазақстан ИЫҰ Үйлестіру кездесуіне қатысты

Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы шеңберінде өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің жыл сайынғы Үйлестіру кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Таяу Шығыстағы ахуалдың дамуына және оның гуманитарлық салдарына ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде, Сыртқы істер министрі Қазақстанның халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидаттарына бейілділігін растады және Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің тез арада бәсеңдеуіне, орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге және Газа секторындағы гуманитарлық ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған ИЫҰ-ға бірқатар мүше мемлекеттердің делдалдық күш-жігерін қолдады.

Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында ислам әлеміндегі технологиялық және ғылыми тұрғыдан неғұрлым дамыған мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған «ИЫҰ-15» тобы мен штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру жөніндегі Қазақстан бастамаларының өзектілігі аталып өтті.

02 сентября 2026
Қазақстанның Жиддадағы Бас консулы Сауд Арабиясы СІМ өкілдігінің басшысына консулдық патент тапсырды

Жидда, 2026 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Изтай Сәкен Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Мекке аймағы бойынша өкілдігінің Бас директоры Фарид Саад аш-Шахриге консулдық патентті тапсырды.

Кездесу барысында Фарид Саад аш-Шахри қазақстандық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Ол Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығының жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, оның одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Изтай Сәкен Сауд Арабиясы СІМ өкілдігінің Бас директорына құттықтауы үшін алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және жандандыру мақсатында бірлескен жұмысты және өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға уағдаласты.

27 августа 2026
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі, ҚР-дың ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі ИЫҰ СІМК-нің 23-ші кезектен тыс сессиясы алдындағы дайындық отырысына қатысты

Жидда, 2026 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Меңілбеков ИЫҰ Бас хатшылығының штаб-пәтерінде өткен Аға лауазымды тұлғалардың отырысына қатысты. Іс-шара ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 23-ші кезектен тыс сессиясына дайындық шеңберінде ұйымдастырылды.

Талқылаудың басты тақырыбы күн тәртібінің тұрақты тармағы — Палестина мен Әл-Құдс Әш-Шарифтегі жағдай бойынша қарарлар жобаларын қарау болды. Жұмыс барысында дипломаттар халықаралық қолдау, жағдайды тұрақтандыру және халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ шешімдері негізінде палестиналық халықтың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы министрлік сессиясының есеп жобасы мен жұмыс бағдарламасын келісті. ИЫҰ СІМК отырысының күн тәртібіне Палестина бойынша негізгі мәселеден бөлек ИЫҰ Бас хатшысын сайлау туралы тармақ та енгізілді.

19 августа 2026
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігіндегі) Бас консулдығы жанындағы № 459 сайлау учаскесі құрылды. Сайлау учаскесі 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.

Бас консулдықтың мекен-жайы: Al-Mustaqar str. 16, Al-Khalidiya District, Jeddah 55615

18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сайлауға қатысуға конституциялық құқылы.

Сайлау құқығыңызды жүзеге асырудың кепілі — сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде деректеріңіздің болуы.

Дауыс беру сайлау бюллетеньдері арқылы жүзеге асырылады. Бас консулдық жанындағы №459 учаскеде +966 58 066 0820 телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз.

Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Бас консулдықтың бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларымен танысуға болады.

27 июля 2026
"Қазақстан - Менің Көзіммен" - Халықаралық Сурет Салу Байқауы
03 июля 2026
Қазақстан мен Ислам Даму Банкі стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ислам даму банкінің президенті доктор Мұхаммед әл-Джассермен кездесу өткізді.

Серік Жұманғарин ИДБ басшысының Қазақстанмен әріптестікті дамытуға қосқан жеке үлесін атап өтіп, сапар еліміз бен Ислам Даму Банкі арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын растайтынын атап өтті.

«Соңғы үш жылда біздің қаржылық өзара іс-қимылымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. 2024 жылы инвестиция көлемі $1,1 млрд су шаруашылығы инфрақұрылымы объектілерін салу мен жөндеудің ауқымды бағдарламасын іске асыру басталды. Биылғы ақпаннан бастап біз арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға $1,3 млрд тарту туралы Негіздемелік келісімді іске асыруға кірістік. Сонымен қатар «Қызылорда – Сексеуіл» және «Қызылорда қаласының айналма жолы» көлік жобаларын қаржыландыру мәселесі пысықталуда», — деп атап өтті вице-премьер.

Қазіргі уақытта Ислам даму банкімен бірлесіп, 2027-2032 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа стратегиясы әзірленуде. Ол Қазақстанмен одан арғы ынтымақтастығының басым бағыттарын айқындайды.

ИДБ президенті Мұхаммед әл-Джассер өзара іс-қимыл әлеуеті қазірдің өзінде іске асырылып жатқан жобаларға қарағанда әлдеқайда кең екенін атап өтті.

«Біздің мамандар арасындағы бірлескен жұмыс жылдарында жобалар портфелін кеңейтуге мүмкіндік беретін тиімді өзара іс-қимыл құрылды. Ислам Даму Банкі қатысушы елдердің алдында тұрған көптеген мәселе бойынша шешім іздеуде айтарлықтай икемді. Бұл ретте біз жобаларды дайындау және іске асыру үшін мемлекеттердің ішкі жүйелерін пайдалана отырып, ұлттық мүмкіндіктерді дамытуға ерекше назар аударамыз. Егер ел жобаларды негізінен өз күштерімен жүзеге асыра алса, бұл оның институттарының жетілгендігін және орнықты дамуын көрсетеді. Қазақстанмен бірге біз одан да көп нәрсе жасай алатынымызға сенімдімін», — деді ол.

Доктор әл-Джассер сонымен қатар Ислам Даму Банкі тек қаржы институты ғана емес, сонымен қатар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін интеграцияланған топ екенін атап өтті. Мамандандырылған құрылымдармен топ ұзақ мерзімді жобалық қаржыландыруды, сақтандыруды және сауданы қаржыландыру құралдарын біріктіре отырып, жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Кездесу барысында Серік Жұманғарин ИДБ-ның Астанада қосымша кеңсесін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, Алматыда жұмыс істеп тұрған өңірлік хаб өз функцияларын табысты орындауда. Алайда ынтымақтастықты едәуір кеңейту орталық мемлекеттік органдармен, оның ішінде исламдық қаржыландыру тетіктерін дамыту мәселелері бойынша тығыз өзара іс-қимылды талап етеді.

«Ислам Даму Банкінің бай сараптамасы бізге инфрақұрылымды дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, су және басқа да табиғи ресурстарды тиімді басқаруға, сондай-ақ заманауи және «жасыл технологияларды» енгізуге арналған жобаларды одан әрі бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз», — деп атап өтті вице-премьер.

Кездесу соңында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамыту бойынша Форвардтық лизинг туралы келісімнің қол қойылған даналарымен алмасу өтті.

Анықтама: Қазақстан 1995 жылдан бері Ислам Даму Банкінің мүшесі. 1997 жылы ашылған Алматыдағы ИДБ өңірлік кеңсесі Банктің Шығыс Еуропа, ТМД, Моңғолия және Қытай елдеріндегі қызметін үйлестіреді.

1997 жылдан 2026 жылға дейінгі ынтымақтастық кезеңінде Қазақстанда ИДБ тарапынан жобалар мен техникалық көмекті қаржыландыру көлемі $4,2 млрд-тан асты.

Қазіргі уақытта су, көлік және индустриялық секторларда жобалар бірлесіп іске асырылуда. Сондай-ақ Қазақстан мен ИДБ арасындағы 2027-2032 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа стратегиясын әзірлеу жүргізілуде.

03 июля 2026
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі осы жылдар аралығында Қазақстанның ұлттық даму басымдықтарын қолдайтын сенімді серіктеске айналғанын атап өтті.

Бүгінге дейін Ислам банкі елімізге сомасы 4,2 миллиард доллардан астам қаржы бөлген. Ал қазіргі және келешектегі жобалар портфелі 3 миллиард доллардан асады.

Осы орайда Мемлекет басшысы су инфрақұрылымы, өзара көлік байланысы және индустриялық даму салаларындағы стратегиялық маңызды бастамаларға қолдау көрсеткені үшін қаржы институтының жетекшісіне ризашылығын білдірді.

Атап айтқанда, соңғы жылдары ИДБ өз тарихындағы ең үлкен қаржыландыру пакетін мақұлдады. Оның аясына жалпы сомасы 1,15 миллиард доллар болатын Су ресурстарын дамыту бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен индустриялық парктеріндегі инфрақұрылымды дамытуды көздейтін құны 1,3 миллиард доллар негіздемелік келісім кіреді.

Әңгімелесу барысында 2027-2032 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық серіктестік шеңберіндегі ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Президент еліміздің ИДБ-мен ұзақмерзімді институционалдық серіктестікті жолға қоюға және қолайлы инвестициялық саясат жүргізуге бейіл екенін растады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ислам даму банкі топтарының жыл сайынғы кездесуін 2028 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірді. Ауқымды инвестициялық іс-шараға Банкке мүше мемлекеттер мен қаржы институттарының өкілдері, халықаралық инвесторлар қатысады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары