«Astana Times» Бас редакторы Жидда қаласында өткен Ислам өнерінің екінші биенналесінің ашылу рәсіміне қатысты

«Astana Times» Бас редакторы Жидда қаласында өткен Ислам өнерінің екінші биенналесінің ашылу рәсіміне қатысты

Жидда, 2025 жылғы 25 қаңтар – Ислам өнерінің екінші биенналесінің ұйымдастырушыларының шақыруымен 2025 жылғы 24-25 қаңтарда «The Astana Times» жетекші қазақстандық ағылшын тіліндегі жаңалықтар басылымының Бас редакторы Ж.Шаяхметова Жидда қаласына (Сауд Арабиясы Корольдігі) сапармен келді.

Ислам өнері биенналесінің арнайы ашылу рәсіміне қатысумен қатар, Ж.Шаяхметова Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығына барып, Бас консул Р.Қоспановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында БАҚ саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.