Қазақстанның Бас мүфтиі мен Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра істері министрімен келіссөздер жүргізді

Қазақстанның Бас мүфтиі мен Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра істері министрімен келіссөздер жүргізді

Жидда, 2025 жылғы 12 қаңтар – Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра істері министрлігі ұйымдастырған «Қажылық – 2025» атты жыл сайынғы халықаралық конференция мен көрмесі шеңберінде Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра істері министрі Тауфиқ бен Фаузан Ар-Рабиямен келіссөздер жүргізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов және ҚМДБ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылы қажылық маусымын ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады, оның ішінде қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, төлем жүйесін оңтайландыру, ағымдағы жылға арналған квота көлемі мен басқа да маңызды мәселелер қарастырылды.

Бас мүфти Министрге көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Т.Ар-Рабияны Қазақстанға ыңғайлы уақытта сапармен келуге шақырды.

Келіссөздердің нәтижесінде 2025 жылға арналған қажылықты ұйымдастыру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Аңықтама: Хадж және қажыларға қызмет көрсету мәселелеріне арналған халықаралық конференцияның басты тақырыбы – қажылық тәжірибесін жаңа технологиялар мен жасанды интеллект жетістіктері арқылы жаңғыртуға бағытталған инновациялық жобаларға назар аудару. Іс-шара 2025 жылдың 13-16 қаңтар аралығында өтеді.

Көрменің маңызды жаңалықтарының бірі – қажылық кезінде медициналық қызмет көрсетуге арналған «сауықтыру оазисі» платформасының құрылуы. Бұл бастама қажыларға медициналық көмек көрсету сұранысының өсуін ескере отырып, Сауд Арабиясының медициналық мекемелерімен келісімдер жасасуды талап ететін жаңа ережелерді жүзеге асыру үшін маңызды болып табылады.