
Жидда, 2024 жылғы 16 желтоқсан – ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы – ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Р.Қоспановтың Кувейт Мемлекетінің ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің Кеңесшісі Турки Аль-Дайханимен кездесуі өтті.
Сұхбат барысында тараптар ИЫҰ және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы аясындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ Ұйымдар шеңберінде ғылым мен білім беру және технологиялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.
Кездесудің қорытындысы бойынша мүше мемлекеттердің мүддесі үшін сындарлы диалогты одан әрі тереңдету жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.