
2024 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Тарик Бахиттің қатысуымен бейнеконференция өтті.
Кездесу барысында ғылыми-білім беру саладағы тәжірибе алмасу, мәдени байланыстарды нығайту және ИЫҰ-ға мүше елдерде жастар саясатын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға және ИЫҰ аясындағы серіктестікті нығайтуға дайын екенін растады.