Қазақстан мен Сауд Арабиясының медиа саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан мен Сауд Арабиясының медиа саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

2024 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов белгілі журналист және блогер Низар әл-Алимен кездесті.

Кездесу барысында медиа саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары мен болашақ жоспарлар талқыланып, Қазақстанның Сауд Арабиясы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен танылуына ерекше назар аударылды.

2023 жылдан бері Н.әл-Али Қазақстанның Елшілігі және Бас консулдығымен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Биылғы қыркүйек айында саудтық журналист 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау мақсатында Астанаға сапармен барды. Н.әл-Али дайындаған бейнерепортаждар мен әлеуметтік желілердегі және дәстүрлі ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқасында Көшпенділер ойындары Сауд Арабиясы БАҚ-та кеңінен танылды.

Осыған байланысты кездесу барысында Бас консул Н.әл-Алиге Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі М.Менілбековтің атынан қазақтың мәдени-тарихи құндылықтары мен дәстүрлерін насихаттауға қосқан үлесі, сондай-ақ Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде танытудағы еңбегі үшін Алғыс хат табыс етті.