
2024 жылғы 24 шілде, Жидда – Қазақстанның Бас консулы – ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Руслан Қоспанов Ислам даму банкінің штаб-пәтерінде (ИДБ) банктің Елдік бағдарламалар жөніндегі Бас директоры Анас Аиссамимен кездесті. Кездесу барысында Ислам даму банкі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту және серіктестіктің жаңа жолдарын іздеу мәселелері талқыланды. Екі тарап өзара өсу мен дамуға бейілділігін білдіріп, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.