2024 жылғы 21 шілде, Жидда – Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ілгерілетуге арналған брифинг өткізді. Іс-шараға «Air Astana» және «SCAT» қазақстандық әуекомпанияларының, отандық туроператорлардың, Алматы қаласы туризм басқармасының өкілдері, сондай-ақ Жидданың журналистік қоғамдастықтың, блогерлары сферасының, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымының ақпараттық агенттіктер одағының (OIC UNA) өкілдері қатысты.
Өз кіріспе сөзінде Бас консул Р.Қоспанов «Қазақстан туристік қызметтердің барлық түрлерін – білім беру және ойын-сауық турларынан бастап, этникалық, рекреациялық, іскерлік және экологиялық туризмге дейін ұсына алады» деп атап өтті. Ол 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Сауд Арабиясының туристері үшін Қазақстанның бай дәстүрлері мен жарқын энергетикасына бой алдырып, Орталық Азия халықтарының көшпелі мәдениетімен танысуға бірегей мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.
Журналистерге шет мемлекеттермен визалық режимді жеңілдету үшін қазақстандық тараптың қабылдаған шаралары туралы ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, Сауд Арабиясы Корольдігінің азаматтарының ҚР аумағында 30 күн визасыз болу мүмкіндігі бар екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат іс-шара қонақтарына Neo Nomad визасын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады, бұл шетелдік туристерге Қазақстанда ұзақ мерзімді болу мүмкіндігін береді деп күтілуде.
Осыған байланысты Бас консул Сауд Арабиясының журналистерінің назарын 2023 жылы Қазақстанға келген шығанақ елдерінен келген туристердің жалпы саны 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге - 16,3 мың адамнан 29,6 мың туристке дейін ұлғайғанына аударды.
БАҚ-тың ынтымақтастықты ілгерілетудегі және екіжақты қатынастарды нығайтудағы маңызды рөліне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Р.Қоспанов журналистерді, блогерлерді және әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды жыл сайын ҚР Сыртқы істер министрлігі өткізетін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» конкурсына белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде «Air Astana» және «SCAT» өкілдері Корольдікке ұшу географиясын кеңейту бойынша болашақ жоспарларымен бөлісті және Сауд Арабиясының журналистерін Қазақстанға келуге шақырды.
Іс-шара интерактивті сипатқа ие болды, соның арқасында Жидда журналистік қоғамдастығының өкілдері алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы, сондай-ақ туризм, қонақ үй қызметтері, әуе қатынасы және т.б. салаларындағы өздерін қызықтыратын басқа да мәселелер бойынша толық ақпарат ала алды.
Брифинг соңында қонақтар қазақтың кейбір ұлттық тағамдарынан қызығушылықпен дәм татып, естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар алды.