
2024 жылғы 2-4 сәуір аралығында ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы - ҚР-дың ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілдің орынбасары Р.Қоспанов Ислам ынтымақтастығы ұйымына бірқатар мүше мемлекеттердің, атап айтқанда Пәкістан Ислам Республикасының, Түркия Республикасының, Иордания Хашимит Корольдігінің және Палестина мемлекетінің жоғары мәртебелі тұрақты өкілдерімен және тұрақты өкілдерінің орынбасарларымен екіжақты кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында ИЫҰ шеңберіндегі ағымдағы ынтымақтастық пен алдағы уақытта өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі кейбір мәселелер талқыланды.