
Ү. ж. 30 қаңтарда Сауд Арабиясы Мәдениет және өнер қоғамының шақыруымен «Король Әбдел Әзиз» тақырыбында портрет суретшілері байқауының жеңімпаздарын марапаттаудың жетінші жыл сайынғы рәсіміне қатыстым.
Іс-шараның Құрметті қонағы ел басшылығында түрлі қызметтерді атқарған, оның ішінде Корольдіктің Білім министрі (2009-2013) болған ханзада Фейсал бен Абдалла бен Мұхаммед Әл Сауд болды.
Байқауды 2017 жылы Сауд Арабиясының көрнекті суретшісі, мүсінші, «Меккеге қақпа» композициясының авторы доктор Зия Азиз Зия құрды. Жыл сайын конкурсқа қатысушылар белгілі бір тақырыпта өздерінің көркем туындыларын ұсынады. Атап өтілгендей, 2025 жылы 8-ші байқау Араб бедуинінің дәстүрлі серігі түйенің сұлулығына арналады.
Салтанатты шараға Сауд Арабиясының беделді мәдени қоғамдастық өкілдері, суретшілер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Жиддада аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.