Жиддада жыл сайынғы халықаралық туристік көрме өтті

Жиддада жыл сайынғы халықаралық туристік көрме өтті

Ү.ж. 28-30 қаңтарда «Jeddah Superdome» көрме кешенінде 30-дан астам елден келген халықаралық туристік ұйымдар, туристік компаниялар, қонақ үй бизнесінің өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы «JTTX – 2024» халықаралық туристік көрмесі өтті.

Қазақстан Республикасын «Эйр Астана» Ұлттық әуетасымалдаушы және «Skyway» туристік компаниясы таныстырды.

Көрмеге қатысушылар мен қонақтар Қазақстан павильонына және қазақстандық турбизнес өкілдерінің ұсыныстарына ерекше қызығушылық танытты.

Көрме алаңында «СКАТ» қазақстандық әуекомпаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, олармен алдағы қажылық маусымында әуетасымалдар мен қазақстандық қажыларға ұсынылатын қызметтер мәселелерін талқыладық.