
Ү.ж. 23 қаңтарда ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы – ҚР-дың ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Р.Қоспанов Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Саяси мәселелер жөніндегі департаментінің бас директоры Мұхаммед Текаямен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірлік ұйымдар және ИЫҰ шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары бойынша пікір алмасты.