
Ү.ж. 7 желтоқсанда ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов «Al-Ahram Travel» компаниясының Басқарма төрағасы Аднан Омар әл-Аббас мырзаны қабылдады. Компания Сауд Арабиясы аумағындағы «Air Astana» қазақстандық авиакомпаниясының ресми өкілі және сату жөніндегі бас агенті болып табылады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Корольдік арасындағы визалық режимді жеңілдетудің, туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың және Қазақстанды САК азаматтары арасында жаңа перспективалы туристік бағыт ретінде ілгерілетудің ықтимал жолдары талқыланды.