
Ү.ж. 30 қарашада ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов бауырлас Түркия Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Мұстафа Уналды қабылдады. Сыпайылық кездесу түрік тарапының өтініші бойынша өтті.
Тараптар консулдық-құқықтық саланың бірқатар мәселелері бойынша пікір алмасып, болашақта жұмыс байланыстарын сақтауға уағдаласты.
Кездесу соңында Руслан Қоспанов түрік дипломатына жұмысының жемісті және табысты өтуін тіледі.