Бас консул «Swiftnews» Медиа компаниясының Бас директорын қабылдады

Бас консул «Swiftnews» Медиа компаниясының Бас директорын қабылдады

Ү.ж. 30 қарашада ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов «Swiftnews» Медиа компаниясының Бас директоры доктор Халед Әл-Джуайдты қабылдады. Кездесу барысында тараптар масс-медиа саласындағы өзара іс-қимыл жолдарын талқылады.

Қазақстандық футболдың 110 жылдығына және ү.ж. қарашада Астанада Қазақстандық футбол мұражайының ашылуына орай, доктор Халед Әл-Джуайд авторы Араб медиа-журналистер одағының Вице-президенті, Араб Жазушылар Одағының мүшесі доктор Джассим Әл-Якут болып табылатын «біздің доп – біздің мәдениет» атты кітабының бірнеше данасын, сондай-ақ кітап авторының атынан құттықтау хатты мұражайға сыйлады.

Бұл кітап үшін доктор Джассим Әл-Якут 2022 жылғың қыркүйекте Дубай қаласында өткен Ғылым мен мәдениет жөніндегі халықаралық симпозиум аясында Халықаралық бейбітшілік кітап премиясымен марапатталды.