Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі «Исламдағы әйелдер» халықаралық конференциясының жұмысына қатысты

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі «Исламдағы әйелдер» халықаралық конференциясының жұмысына қатысты

Жидда, 2023 жылғы 6-7 қарашада Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Б.Арын «Исламдағы әйелдер» атты халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

Іс-шараны ИЫҰ Бас хатшылығы САК СІМ-мен бірлесіп, екі ғибадатхананың қамқоршысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдельазиз Аль-Саудтың қамқорлығымен ұйымдастырды.

Конференцияны аша отырып, САК Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан іс-шараға қатысушылардың назарын қоғамда кедейлік пен үмітсіздікті тудыратын қарулы қақтығыстарды ескере отырып әйелдердің құқықтары мәселесінің өзектілігіне аударды.

Өз кезегінде ИЫҰ Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха Ұйым құрылғаннан бері мұсылман әйелдерінің құқықтарын ілгерілетуге және мүмкіндіктерін кеңейтуге үлкен мән беретінін мәлімдеді. Бұл міндеттеме мұсылман қоғамдастығында жол картасы ретінде кеңінен қарастырылатын ИЫҰ-ның Әйелдердің мәртебесін жақсарту жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын (OPAAW) қабылдаумен аяқталды.

Бұдан басқа, Конференция барысында Бангладеш Премьер-министрі Шейха Хасина Вазед, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Джеймс Мұхаммед, Индонезияның Сыртқы істер министрі Ретно Марсуди және басқа да лауазымды тұлғалар өз баяндамаларын ұсынды.

«Исламдағы әйелдер» конференциясының мақсаты мұсылман әйелдерінің қоғамды дамытуға қосқан үлесі мен рөлін нығайту және ілгерілету, исламдағы әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне көніл бөлу, сондай-ақ әйелдерге әділдікпен қарауға шақыратын ислам ілімдерін насихаттау болып табылады.

Бес жұмыс сессиясын қамтыған конференция барысында министрлер, аға лауазымды тұлғалар мен сарапшылар исламдағы әйелдердің мәртебесін, мұсылман әйелдердің білім беру, жұмыс және қазіргі қоғамның басқа салаларындағы мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын талқылады.

Конференция барысында болған талқылаулардың нәтижесі қорытынды декларацияға енгізілген жиырма ұсыныс болды. Бұл нұсқаулар исламның әйелдерге берген кеңейтілген құқықтары мен исламдағы әйелдердің мәртебесіне баса назар аударады. Нұсқаулар сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен қоғамдағы рөлін әр түрлі салаларда және барлық деңгейлерде арттыруға қатысты мәселелер мен мүмкіндіктерді қамтиды.

Сонымен қатар, Конференцияда «Исламдағы әйелдердің құқықтары туралы Жидда құжаты» қарастырылды. Бұл құжат мүше мемлекеттерге, шешім қабылдаушыларға, заңгерлерге, зерттеушілер мен сарапшыларға арналған исламдағы әйелдердің құқықтары туралы толық ресми нұсқаулық ретінде қызмет етуге арналған. Аталған құжат ү.ж. 16-17 желтоқсанда Гамбияда өткізілуі жоспарланған ИЫҰ Саммитіне қабылдау үшін енгізіліп, барлық тиісті халықаралық алаңдарда ұсынылады.