
Ү.ж. 16 қазанда ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов Корольдіктегі ең танымал және белгілі блогерлердің бірі Ахмад Зубаир Риазды қабылдады.
Кездесу барысында тараптар туризм және БАҚ-пен өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері мен ықтимал жолдарын талқылады.
Р.Қоспанов блогерге Алматы мен Жидда арасында тікелей әуе қатынасының ашылғаны туралы хабарлап, сондай-ақ А.Зубаир Риазды Қазақстанның туристік әлеуетімен танысу және елімізді өз аудиториясы арасында перспективалы және тартымды туристік бағыт ретінде ілгерілету мақсатында Қазақстанға келуге шақырды.
Анықтама: Пәкістан азаматтығы бар Ахмад Зубаир Рияз Сауд Арабиясында тұрақты тұрады және САК-тағы ең танымал блогерлердің бірі болып табылады. Блогердің @zubairriaz Facebook парақшасына 4,5 миллионнан астам жазылушы бар, және оның YouTube арнасында 161 миллионнан астам қаралымдар бар.