Бас консул қазақстандық журналистермен кездесу өткізді

Бас консул қазақстандық журналистермен кездесу өткізді

Ү.ж. 5 қазанда Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов қазақстандық Massaget.kz, Aikyn.kz, Stan.kz, DKNews және Baribar.kz ақпараттық агенттіктердің журналистерін қабылдады.

Журналистер Сауд Арабиясына ү.ж. 4 қазанда «Air Astana» әуекомпаниясының алғашқы тұрақты рейсімен келді. Аталған рейс аптасына екі рет Алматы-Жидда-Алматы бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Кездесу барысында Бас консул БАҚ өкілдерінің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, олардың Корольдікпен танысу сапарлары жемісті өтетіне үміт артты.

Өз кезегінде, ақпараттық агенттіктердің өкілдері Корольдікті және Жидда қаласын қазақстандықтар үшін жаңа туристік бағыт ретінде ілгерілету мақсатында турдың қорытындысы бойынша өткен сапар мен Сауд Арабиясы туралы арнайы репортаждар дайындалатынын хабарлады.