Ү.ж. 18 тамызда Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (САК) Бас консулы Р.Қоспанов Air Astana әуекомпаниясының Шығанақ елдері және Сауд Арабиясы бойынша Өңірлік бас менеджері Ғ.Базилбаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы азаматтық авиация және жолаушыларды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Ғ.Базилбаев Алматы мен Жидда арасындағы тікелей әуе рейстері 2023 жылдың 1 қазанында басталып, аптасына екі рет орындалатын болатыны атап өтті.
Сонымен қатар, Air Astana өкілі компанияның өңірдегі қызметті жандандыру жөніндегі алдағы жоспарларымен бөлісті.