Ү.ж. 23 шілдесінде Жидда қаласында Мекке аймағы Губернаторының кеңесшісі ханзада Халид бен Фейсал бен Абделазиздің қамқорлығымен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердегі халықаралық Жарты ай ислам комитеті мен Қызыл жарты ай қоғамдары арасындағы бесінші консультативтік кездесу өз жұмысын бастады.
ИЫҰ мүше мемлекеттерінің өкілдері, халықаралық Қызыл крест комитеті мен халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары федерациясының жоғары лауазымды тұлғалары қатысқан кездесу бірлескен күш-жігерді шоғырландыруға және гуманитарлық қызметке жәрдемдесуге бағытталған.
Сауд Арабиясының Қызыл жарты ай басқармасының президенті доктор Джалал әл-Оваиси өз сөзінде бұл кездесу ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге және Қызыл жарты ай мен Қызыл крест қоғамдарының дағдылары мен мүмкіндіктерін дамытуға бағытталғанын, сондай-ақ кездесу қоғамдар мен ұйымдарды біріктіретінін, сондай-ақ оларға өз тәжірибесін талдауға және жаңа ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Отырысқа Қазақстан тарапынан еліміздің ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Коспанов пен Қазақстанның Қызыл жарты ай ұйымының өкілдері қатысты.