Air Astana Жиддаға билеттерді сата бастады

Air Astana Жиддаға билеттерді сата бастады

Əуекомпания Сауд Арабиясындағы Жидда қаласына билеттерді сатуды бастады. Тікелей рейстер 2023 жылдың 1 қазанынан бастап аптасына екі рет қатынайды, ал желтоқсан айынан қосымша рейс орындалады.

Рейс Алматыдан сағат 18:40-та ұшып, Жиддаға сағат 22:30-да келеді, қайтар рейс Жиддадан сағат 23.30-да ұшып, Алматыға келесі күні сағат 08.15-те келеді. Ұшулар Airbus A321 LR əуе кемесімен орындалады. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 50 минут, қайтқанда-5 сағат 45 минут.

Air Astana АҚ-ның маркетинг жəне сату бойынша вице-президенті Адель Даулетбек былай деді: «Қажылық немесе умра жасау үшін көптеген сұраныстарды ескере отырып, əуекомпаниясы Сауд Арабиясына тікелей рейсті іске қосу туралы шешім қабылдады. Жаңа бағыт мұсылмандардың қасиетті Мекке мен Медина қалаларына қажылыққа баруы үшін ғана емес, сонымен қатар Қызыл теңізде демалу жəне мəдени-тарихи жəне табиғи нысандарға бару үшін туристік мақсатта тартымды болатынын атап өткім келеді. Жиддаға баратын жолаушыларға Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ Ташкент, Душанбе жəне Бішкектен ыңғайлы түйісулер ұсынылады. Сондай-ақ, əуетасымалдаушы Сауд Арабиясының туристері Қазақстанның табиғи əдемі жерлерді тамашалағысы келеді деген үміттеміз».

Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясына барар алдында электрондық виза алуы қажет. Оны мына сілтеме бойынша алуға болады.

Авиабилеттердің ең төменгі құны 340 000 теңгеден басталады. Жаңа рейске билеттерді брондау əуекомпанияның ресми сайтында, билеттерді сату кеңселерінде, аккредиттелген агенттіктерде жəне брондау жəне ақпарат орталығы арқылы сатып алуға болады. Байланыс телефондары + 7 (727) 244 44 77, + 7 (717) 2 58 44 77, + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77.
Жидда Сауд Арабиясындағы екінші үлкен қала жəне оның «экономикалық астанасы».

Мегаполис көптеген көрікті жерлер мен демалыстың түрлерімен тартымды. Туристердің қолында қызыл теңіз жағалауындағы жағажай демалысы, тарихи орындар, қызықты аттракциондар мен сəулет шедеврлері, заманауи сауда орталықтары мен шынайы базарлар бар.