
Үстіміздегі жылғы 1 наурызда ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов Сауд Арабия Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің Мекке аймағы бойынша өкілдігінің Протокол басшысы Аднан Мұрадпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда консулдық саладағы өзара іс-қимыл және үйлестіру жолдарын талқылады.