2023 жылғы 16 ақпанда ҚР Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов Бахрейн Корольдігінің Жиддадағы Бас консулы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Муса ән-Нуеймимен кездесу өткізіліп, оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдулатиф әл-Заяниге арналған хаты табыстады.
Сонымен қатар, кездесу барысында ИЫҰ аясында өткізілуі жоспарланған іс-шаралар бойынша пікір алмасылды.