ИЫҰ Бас хатшысы Қазақстан Республикасының халқын парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады

ИЫҰ Бас хатшысы Қазақстан Республикасының халқын парламенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха 2023 жылғы 19 наурызда өткен мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды бақылау үшін Қазақстан Республикасына Сайлауды бақылау миссиясын жіберген.

Миссия өз қызметі аясында сайлау учаскелеріне барып, Астанада және оның маңында дауыс беру барысын қадағалады. Бақылаушылар сайлау қазақстандық сайлау заңнамасына, сондай-ақ халықаралық деңгейде танылған нормаларға сәйкес ашық, бейбіт және реттелген түрде өткізілгенін терең қанағаттанушылықпен атап өтті.

Осыған байланысты ИЫҰ Бас хатшысы Қазақстан Республикасының халқы мен Үкіметін осы сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстан халқының осы үдеріс барысында көрсеткен бірлік мен жауапкершілік сезімі, демократия мен игі басқару үшін ұмтылыстарын көсететіндігін атап өтті.

ИЫҰ Бас хатшысы Қазақстан Республикасындағы 2023 жылғы парламенттік сайлаудың сәттілігі ел мен оның халқының одан әрі дамуы мен өркендеуі жолында демократиялық тәжірибелер мен институттарды нығайтуға одан әрі ықпал ететініне сенім артты.