
Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасының Джидда қаласындағы Бас консулдығы жанында 2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақытпен сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін) ашылатын №295 сайлау учаскесінде Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс бере алады. 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар. Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығы жанындағы № 295 сайлау учаскесі сайлаушылар тізіміне Қазақстан Республикасы азаматының жарамды шетел төлқұжаттары (паспорт) бар, қазіргі уақытта осы мемлекетте тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар енгізіледі. Сайлаушылар тізіміне қосу үшін ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін jeddah@mfa.kz электрондық поштаға келесі ақпаратты жолдауыңызды сұраймыз: Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, тұратын мекен жайы және телефон нөмірі.