Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген қазақстандық азаматтарға:

• сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды;
• нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды;
• адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды;
• шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе ҚР-дың Жиддадағы Бас консулдығына хабарласу қажет.

📞 Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:

Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77.
Жидда қаласындағы консул: +966 55 416 90 79.

ҚР СІМ мен жергілікті құзыретті органдардың ресми ақпарат көздерін қадағалап отыруларыңызды сұраймыз.