- Байқауға қатысуға барлық мемлекеттердің азаматтары шақырылады (Қазақстан азаматтарынан басқа);
- Конкурсқа шетелдік баспа және онлайн БАҚ-тың штаттық және штаттан тыс қызметкерлері және блогерлер қатыса алады;
- Байқауға шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 1 тамыздан 2024 жылғы 1 тамызға дейін жарияланған 300-ден 3000-ға дейінгі сөзден тұратын ақпараттық материал / ұзақтығы 1-ден 60 минутқа дейінгі телевизиялық немесе радио репортаж, подкаст, әлеуметтік желідегі жарияланымдар қатыса алады;
- Егер ақпараттық материалдың тілі қазақ, орыс немесе ағылшын тілі болмаса, оның аталған тілдерге аудармасын қоса тіркеу қажет;
- Толтырылған өтінімдерді жарияланған материалмен және оның аудармасымен мына электронды поштаға жіберу қажет: mediacontest2024@mfa.kz;
- Қазақстанға қатысты материалдардың тақырыбы бір немесе бірнеше саланы қамтуы тиіс: экономика және сауда, инвестициялар, IT, көлік әлеуеті, жасыл энергетика, тарих, мәдениет, заманауи қоғам, білім және ғылым, туризм, ұлттық спорт түрлері, АӨСШК немесе KazAID тақырыбтары;
- Барлық материалдарды 2024 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей жіберу қажет;
- Әділқазылар төмендегі аймақтардан 5 жеңімпазды таңдап алады:
– Оңтүстік және Солтүстік Америкадан;
– Еуропадан;
– ТМД елдерінен;
– Таяу Шығыс пен Африкадан;
– Азия-Тынық мұхит аймығынан;
- Туризм, «Азиядағы ынтымақтастықтың көпжақты форматтарының синергиясына Азия Кеңесінің қосқан үлесі», «KazAID-даму мақсатында халықаралық ынтымақтастықтағы жаңа атау» немесе ұлттық спорт бойынша жекелеген номинациялар төрт жеңімпаз кез келген өңірден таңдалатын болады;
- Конкурс қорытындысын 2024 жылғы 5 тамызға дейін жариялау жоспарланған;
- Жеңімпаздар Қазақстанға сапармен марапатталады. Ұйымдастырушылар эконом-класпен ұшу, қонақүйде тұру, жергілікті көлік және Қазақстандағы мәдени бағдарлама, сондай-ақ тәуліктік шағындарды өтейді.