Умра немесе қажылықты туристік агенттіктер арқылы ұйымдастыруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына турфирманы таңдауда мұқият болу ұсынылады. ҚР ІІМ деректері бойынша, алаяқтық жағдайлары аз емес. Төменде негізгі сақтық шаралары келтірілген:
🔹 Лицензиясы мен беделін тексеріңіз
Компанияның мемлекеттік лицензиясы бар екеніне және әр туристке арнайы тур-код берілетініне көз жеткізіңіз. Клиенттердің пікірлері мен тәжірибесін зерттеңіз.
🔹 Төмен бағаға сақ болыңыз
Турдың күмәнді арзан бағасы — алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін. Әртүрлі агенттіктердің бағаларын салыстырып, ұсыныстың нарықтық деңгейге сай екеніне көз жеткізіңіз.
🔹 Келісімшартты мұқият оқыңыз
Құжаттарға қол қоймас бұрын олардың мазмұнын мұқият оқып шығыңыз. Қажет болса, маманнан кеңес алыңыз.
🔹 Байланыс деректерін нақтылаңыз
Сенімді туроператорлар нақты мекенжайын, жұмыс телефоны мен электрондық поштасын көрсетеді. Байланыс ақпаратының болмауы — алаяқтарға тән белгі.
🔹 Тур бағдарламасымен танысыңыз
Бағаға ұшақ билеті, тұру, көлік, тамақ, медициналық сақтандыру сияқты қызметтердің кіретінін тексеріңіз. Жасырын төлемдердің жоқтығына көз жеткізіңіз.