2009 ж. 24-31 қазанда Сауд Арабиясында Қазақстанның Мәдениет күндері өтті.
2010 ж. 1-5 маусымда Қазақстанда Сауд Арабиясының Мәдениет күндері ұйымдастырылды.
2020 ж. 27 мамырда ҚР Сауд Арабиясындағы Елшілігі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және Ресей Федерациясының ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, «Ислам әлемімен қазіргі дипломатиялық қатынастардың бастауы: К.А.Хакимов пен Н.Т.Төреқұловтың өмірі мен тағдыры» атты онлайн-конференция өткізді.
2020 ж. 22 қарашада Ар-Рияд қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қазақ ақынының өмірі мен шығармашылығына арналған симпозиум өтті.
2020 ж. 8 желтоқсанда Ар-Рияд қаласында «Әбу Насыр Әл-Фарабидің адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық конференция өтті.
2023 ж. 30 мамырда Алматы қаласында Сауд Арабиясының Король Абделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының Президенті М.Элдесуки басқаратын делегация «ИЫҰ-15» диалогтық платформасының алғашқы министрлік кездесуіне қатысты.
2023 ж. 26 қыркүйекте Ар-Рияд қаласында жазушы және драматург М.Әуезовтің шығармашылығын насихаттау аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2023 ж. 29 қыркүйекте Ар-Рияд қаласында өткен «Ар-Рияд-2023» Халықаралық кітап көрмесі аясында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Әке туралы сөз» кітабының араб тіліндегі тұсаукесері өтті. Іс-шара қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
2024 ж. 24-25 қаңтарда Сауд Арабиясы Мәдениет министрлігінің шақыруымен Астана қаласының әкімдігіне қарасты «Наз» мемлекеттік би театры, оның көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Ағымбаеваның басшылығымен, Абха қаласында өткен 3-ші Халықаралық Таулы би фестиваліне қатысты.
2024 ж. 7 қазанда Ар-Рияд қаласында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті.