
2024 ж. қаңтар-қыркүйек айларында тауар айналымы – 7 млн АҚШ долларын құрады (–47%),
2023 ж. – 15 млн АҚШ доллары (экспорт – 7,9 млн долл., импорт – 7,1 млн долл.),
2022 ж. – 16,4 млн АҚШ доллары (экспорт – 4,69 млн долл., импорт – 11,76 млн долл.).
Қазақстаннан экспорт: нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, ферроқорытпалар, сұйықтық сорғылары, арнайы мақсаттағы машиналар мен механикалық құрылғылар, қара металлдан жасалған бұйымдар, карбидтер, тас көмір және т.б.
Қазақстанға импорт: бояулар мен лактар, қара металлдан жасалған тігіссіз құбырлар, түтіктер және профильдер және т.б.
Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі механизмі Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия болып табылады. Тең төрағалары: ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.А.Нұртілеу және Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі Х.Әл-Фалих.
Қазіргі уақытқа дейін ҮАК-тың 6 отырысы өтті (1999 ж. қазан – Астанада, 2004 ж. наурыз – Ар-Риядта, 2009 ж. мамыр – Астанада, 2014 ж. қараша – Ар-Риядта, 2021 ж. қыркүйек – Астанада, 2023 ж. желтоқсан – Ар-Риядта).
2023 ж. 25-27 қарашада Сауд Арабиясында Қазақстан кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық миссиясы өтті. Делегацияны ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев басқарды.
2023 ж. 21 желтоқсанда Ар-Рияд қаласында Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті. Тең төрағалары: «GreyWolf Management» ЖШС бас директоры Қ.Кудайбергенов және «Al Rajhi International for Investment» компаниясының бас директоры Ахмед Әл-Дахиль.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстан бизнес делегациялары Іскерлік кеңестің тең төрағасының басшылығымен Сауд Арабиясына 4 рет барды (8-11 қаңтарда делегация «Future Minerals Forum»-ға қатысты, 24-28 ақпанда «Big5 Construction», 7-8 наурызда «Leap Digital Forum», 29 мамырда «ЦА-ССАГЗ» инвестициялық форумына қатысты).
2024 ж. 5-8 маусымда Сауд Арабиясының делегациясы Іскерлік кеңестің тең төрағасы А.Дахильдің басшылығымен Қазақстанға сапар жасады. 28 маусымда делегация Астана қаласында өткен ШЫҰ елдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасының 25-ші отырысына қатысты.
2024 ж. 29 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің 2-ші отырысы өтті.