
Сауд Арабиясы 1991 жылы 30 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы араб және мұсылман елдерінің қатарында болды.
1994 ж. 30 сәуірде дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1995 ж. 13 желтоқсанда Қазақстанның Ар-Рияд қаласындағы Елшілігі ашылды.
1997 ж. наурызда Сауд Арабиясының Астана қаласындағы Елшілігі ашылды.
2007 ж. 28 желтоқсанда Жидда қаласында Қазақстанның Консулдығы жұмыс істей бастады, 2019 ж. 5 тамызда Бас консулдық мәртебесін алды.
2024 ж. сәуірден бастап Сауд Арабиясындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков болып табылады.
2023 ж. наурыздан бастап Қазақстандағы Сауд Арабиясының Елшісі Файсал Әл-Кахтани болып табылады.
2022 жылғы тамыздан бастап ҚР-дың Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов болып табылады.
Саяси ынтымақтастық
Ең жоғары деңгейдегі байланыстар:
1994, 2004, 2016 жж. – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына ресми сапарлары.
2000 ж. – Сауд Арабиясының Премьер-Министрінің екінші орынбасары – Қорғаныс және авиация министрі, Бас инспектор ханзада Сұлтан бен Абделазиздің Қазақстанға сапары.
2017 ж. – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына жұмыс сапары.
2022 ж. 23-24 шілде – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапары.
2023 ж. 18-19 шілде – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына «Орталық Азия – Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапары.
Жоғары деңгейдегі байланыстар:
1994 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Сауд Арабиясына сапары.
1998, 2001 жж. – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің Сауд Арабиясына сапарлары.
2010 ж. – ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов, Жоғарғы Сот Төрағасы М.Әлімбеков және Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы О.Жұмабековтің Сауд Арабиясына бірлескен сапары.
2012 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Е.Казыханның Сауд Арабиясына сапары.
2014 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Е.Идрисовтың Сауд Арабиясына сапары.
2016 ж. – Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель Әл-Джубейрдің Қазақстанға сапары.
2017 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Сауд Арабиясына сапары.
2017 ж. – Сауд Арабиясының Энергетика, өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Халид Әл-Фалихтің Қазақстанға сапары.
2019 ж. – ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың Сауд Арабиясына сапары.
2019 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаровтың Сауд Арабиясына сапары.
2020 ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаевтың Сауд Арабиясына сапары.
2020 ж. – Сауд Арабиясының Спорт министрі Абделазиз бен Турки Әл-Саудтың Қазақстанға сапары.
2021 ж. 26-27 қыркүйек – Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі, Қазақстан-Сауд Арабиясы Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Халид Әл-Фалих бастаған делегацияның Қазақстанға сапары. Халид Әл-Фалих Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен кездесті. Сапар барысында Қазақстан-Сауд Арабиясы Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы және Қазақстан-Сауд Арабиясы Инвестициялық форумы өтті.
2022 ж. 6 маусым – Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал Әл-Фарханның Қазақстанға сапары. Ол Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев, Премьер-Министр Ә.Смайыловпен кездесіп, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен келіссөздер жүргізді.
2022 ж. 6-8 қыркүйек – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Сауд Арабиясына сапары. Ол «Орталық Азия – Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» министрлерінің алғашқы кездесуіне қатысты.
2022 ж. 14-15 қыркүйек – Сауд Арабиясының Ислам істері, уағыз және насихат министрі Абдуллатиф Аш-Шейхтің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-ші съезіне қатысу үшін Қазақстанға сапары.
2022 ж. 27 қыркүйек – Сауд Арабиясының Хаж және умра министрі Тауфик Әл-Рабияның Қазақстанға сапары.
2023 ж. 1 наурыз – ҚР Энергетика министрі Б.Акчулақов пен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиевтің Сауд Арабиясына сапары.
2023 ж. 8-9 наурыз – АХҚО басқарушысы Р.Бектұровтың Сауд Арабиясына сапары.
2023 ж. 12 маусым – ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиевтің Сауд Арабиясына сапары.
2023 ж. 16-17 тамыз – Сауд Арабиясының Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Абдулрахман Әл-Фадлидің Қазақстанға сапары.
2023 ж. 10-11 қараша – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Сауд Арабиясына сапары. Ол Лига араб мемлекеттері мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының Палестина мәселесі бойынша бірлескен төтенше саммитіне қатысты.
2023 ж. 19-20 желтоқсан – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Сауд Арабиясына сапары. Ол Қазақстан-Сауд Арабиясы Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысты. Оның аясында Қазақстан-Сауд инвестициялық дөңгелек үстелі және Қазақстан-Сауд іскерлік кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.
2024 ж. 8-11 қаңтар – ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қ.Шарлапаев Сауд Арабиясына «Future Minerals Forum» форумына қатысу үшін сапар жасады.
2024 ж. 26 ақпан – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Женевада өткен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 55-ші сессиясы аясында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал Әл-Саудпен келіссөздер жүргізді.
2024 ж. 4-5 наурыз – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің кезектен тыс кездесуіне қатысу үшін сапар жасады. Бұл жиын Палестина мәселесін талқылауға арналды.
2024 ж. 6-7 наурыз – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аАроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин Сауд Арабиясына «Leap Digital Forum» форумына қатысу үшін сапар жасады.
2024 ж. 7 наурыз – Сауд Арабиясының Энергетика министрі Абделазиз Әл-Сауд Қазақстанға сапар жасады.
2024 ж. 26-30 сәуір – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Н.Байбазаров Сауд Арабиясына Ислам даму банкінің мерейтойлық кездесуіне қатысу үшін сапар жасады.
2024 ж. 27-29 сәуір – ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиев Сауд Арабиясына «Давос шөлде» деп аталатын Дүниежүзілік экономикалық форумның арнайы сессиясына қатысу үшін сапар жасады.
2024 ж. 28-30 мамыр – АХҚО басқарушысы Р.Бектұров Сауд Арабиясына «Орталық Азия – Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» инвестициялық форумына қатысу үшін сапар жасады.
2024 ж. 1-3 маусым – ҚР Энергетика министрі А.Сәтқалиев Сауд Арабиясына «ОПЕК+» 37-ші министрлік кездесуіне қатысу үшін сапар жасады.
2024 ж. 10-12 қараша – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Сауд Арабиясына Лига араб мемлекеттері мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының Палестина мен Ливанға қарсы Израиль агрессиясын талқылауға арналған бірлескен төтенше саммитіне қатысу үшін сапар жасады.
2024 ж. 10-13 қараша – ҚР Әділет министрі А.Есқараев Сауд Арабиясына халықаралық дипломатиялық форумға қатысу үшін сапар жасады.
Парламентаралық ынтымақтастық
1997 ж. – Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы О.Бәйгелді бастаған қазақстандық парламенттік делегацияның Сауд Арабиясына сапары.
1998 ж. – Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің Төрағасы шейх Ибраһим бен Джуейраның Қазақстанға сапары.
2006 ж. – Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Н.Абықаевтың Сауд Арабиясына сапары.
2006 ж. – Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің Төрағасы Салех бен Абдалланың Қазақстанға сапары. Ол Қазақстан Парламенті Сенаты ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.
2012 ж. – Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Мәми бастаған қазақстандық парламенттік делегацияның Сауд Арабиясына сапары. Делегация «G20» елдері спикерлерінің 3-ші консультативтік кездесуіне қатысты.
2015 ж. – Қазақстан Парламенті Сенатының Спикері Қ.Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары. Ол король Абдалла бен Абделазиздің жерлеу рәсіміне қатысты.
2019 ж. 23-24 қыркүйек – Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдуллатиф Аш-Шейхтің Қазақстанға сапары. Ол Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысты.
2021 ж. 17-23 қазан – Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдуллатиф Аш-Шейхтің Қазақстанға сапары. Сапар барысында А.Аш-Шейх Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен кездесті. Президент оған II дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
Әуе қатынастары
2022 жылы «SCAT» әуекомпаниясы «Алматы-Жидда» бағыты бойынша тікелей рейстерді қалпына келтірді, сондай-ақ «Алматы-Медина», «Шымкент-Джидда» және «Шымкент-Медина» бағыттарында жаңа тікелей рейстерді іске қосты (рейстердің жиілігі аптасына 2 рет).
2023 жылдың қараша айынан бастап Сауд Арабиясының «Flynas» және «Air Astana» әуекомпаниялары «Алматы-Жидда-Алматы» бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты (рейстердің жиілігі аптасына 2 рет).
2024 жылдың қазан айынан бастап «Air Astana» компаниясы «Алматы-Медина», «Шымкент-Жидда», «Шымкент-Медина» бағыттарында тұрақты рейстерді іске қосты.