Индонезиялық кәсіпкерлермен іскерлік ынтымақтастықты ілгерілету

Индонезиялық кәсіпкерлермен іскерлік ынтымақтастықты ілгерілету

Джакарта, 2024 жылғы 2 шілде – Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия кәсіпкерлер палатасының төрағасы Афда Ризал Армашита бастаған делегациясымен кездесу өткізді. Оның барысында тараптар энергетика, қаржы, денсаулық сақтау, тамақ индустриясы және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

Өзара тиімді байланыстарды тереңдету мақсатында қазақстандық және индонезиялық кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылып, бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасудың жоғары әлеуеті атап өтілді.

 Индонезиялық тарап экономикалық байланыстарды кеңейту және екі елде бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашу жолындағы маңызды қадам болуға ниетті Қазақстанға сапар жасау үшін бизнес-делегацияны ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.

 

Анықтама: Индонезия кәсіпкерлер палатасы (KEIND) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерді ынтымақтастықтың бірыңғай платформасына біріктіреді. Палата Индонезияның 28 өлкесінде қызмет етеді, сондай-ақ 10 елде өкілдіктері бар. Жалпы алғанда, ұйымның ел ішінде де, одан тыс жерлерде де кәсіпкерлік пен іскерлік байланыстарды дамытуды белсенді қолдайтын 10 мыңға жуық мүшесі бар.